Түркістанда 9 балалы отбасының үйі өртеніп кетті

Тілсіз жаудың кесірінен отбасы мүшелерінің құжаттары, оқушы балалардың оқу-құралдары мен киімдері де өртеніп кеткен.

Түркістанда 9 балалы отбасының үйі өртеніп кетті
Фото: gov.kz
991

Түркістанда 9 балалы отбасы тұратын жалдамалы пәтер өртеніп кетті. Отбасы мүшелері дін аман. Оқыс оқиға болған сәтте балалардың әкесі жұмысқа, ал анасы балалардың оқу-құралдарын алу үшін базарға кетіпті. Тапа-тал түсте шағын үйде шиеттей бала-шаға тек өздері қалған. Бір күнде бар дүниесінен айырылған отбасы қазір уақытша басқа пәтерде тұрып жатыр.

Серіктес жаңалықтары