Аустрия Ресей тыңшылығына байланысты Ұлттық қауіпсіздік кеңесін шақырмақ

Аустрия канцлері бұрынғы барлау қызметкері Эгисто Отт ұсталғаннан кейін Ұлттық қауіпсіздік кеңесін шақырды.

Аустрия Ресей тыңшылығына байланысты Ұлттық қауіпсіздік кеңесін шақырмақ
Карл Нехаммер / Global Look Press
1092

Аустрияда Ресей Федерациясына тыңшылық жасады деген күдікпен Федералдық Конституцияны қорғау және терроризмге қарсы ведомствоның бұрынғы қызметкері Эгисто Отт ұсталды. Осы оқиғадан соң Аустрия канцлері Карл Нехаммер Ұлттық қауіпсіздік кеңесін шақырды. Бұл туралы dw.com агенттігі жазды.

"Ресей тыңшылық желілері саяси партияларға немесе бірлестіктерге ену немесе оларды пайдалану арқылы біздің елімізге қауіп төндіреді", - деді канцлер.

Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы 9 сәуірге жоспарланған.

"Тыңшылық жасады деген айып тағылып отыр. Бір жағынан, бұл айыптауларды сот органдары түсіндіруі керек, ал екінші жағынан, бұл айыптаулардың Аустриядағы қауіпсіздік жағдайына қандай әсер ететінін бағалау және түсіндіру қажет. Сондықтан 9 сәуірде мен ұлттық қауіпсіздік кеңесін шақырамын", - деп жазды Нехаммер Х әлеуметтік желісінде.

Серіктес жаңалықтары