716
Қорғаныс министрлігі Ресей депутаты таратқан ақпаратты жоққа шығарды
Бүгін Ресейдің мемлекеттік дума депутаты Андрей Гурулев Татарстанның кәсіпорындарына шабуыл жасаған ұшқышсыз басқарылатын құрылғылардың «Орталық Азия даласынан ұшырылған болуы мүмкін» деген болжам айтты.
Дәлелсіз пікір әлеуметтік желілерде Қазақстанға қатысты сипатта тарала бастаған, деп хабарлады turkystan.kz.
Осыған орай Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі ресми түсіндірме жасады.
«Кейбір Telegram-каналдарда Татарстан Республикасының объектілеріне шабуыл жасаған ұшқышсыз басқарылатын құрылғылардың Қазақстан аумағынан ұшырылғаны туралы таралған ақпарат шындыққа жанаспайды.
Мұндай жалған мәлімет Қазақстан Республикасының беделін түсіруге бағытталған. Осыған байланысты азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарына таралған қауесеттерге мән бермеуін және тек ресми ақпарат көздеріне сенуін сұраймыз», - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.