Солтүстік Қазақстан облысында жер үй өртеніп, екі бала қайтыс болды

Бұл туралы СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Солтүстік Қазақстан облысында жер үй өртеніп, екі бала қайтыс болды
СҚО ТЖД
704

Солтүстік Қазақстан облысында жер үй өртеніп, оқиға орнынан екі баланың денесі табылды. 

ТЖД мәліметінше, «101» қызметіне 1 сәуір күні сағат 10.11 минут кеткенде Есіл ауданындағы Ильинка елді мекенінде тұрғын үйдің өртенгені туралы хабар түседі.

Өрт сөндірушілер жеткенге дейін тұрғындар оқиға орнынан сегіз және екі жасар баланың денесін тапты.

Жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыды. Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз.

Серіктес жаңалықтары