Бокстан спаррингтік турнир: тізімге өзгеріс енді

Спаррингтік турнирде жеңімпаз атанған спортшылар Таиландта өтетін соңғы лицензиялық турнирге қатысады.

Бокстан спаррингтік турнир: тізімге өзгеріс енді
prosports.kz
2425

8-10 сәуір күндері Астанада бокстан спаррингтік жекпе-жектер өтеді. Бүгін қыздар арасындағы тізімге тағы екі боксшы қосылды, деп хабарлады turkystan.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Атап айтсақ, 54 келіде Дина Жоламан да бақ сынайды. Ол Қазақстан чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы, 2016 жылғы әлем чемпионы, 2021 жылғы Азия чемпионы.

Сондай-ақ 66 келі салмақта әлем және Азия чемпионатының жүлдегері Милана Сафронова өз мүмкіндігін пайдаланып көрмек.

Ал спаррингтік турнирде жеңімпаз атанған спортшылар Таиландта өтетін соңғы лицензиялық турнирге қатысады.

Серіктес жаңалықтары