Түркістан облысында 58 мектеп лицензиясынан уақытша айырылды

Заңнаманы бұзған басшыларға 9 миллионнан астам теңге айыппұл салынды.

Түркістан облысында 58 мектеп лицензиясынан уақытша айырылды
Pixabay
803

Түркістан облысында 58 мектеп лицензиясынан уақытша айырылды.

24KZ арнасының хабарлауынша, білім заңнамаларын бұзған басшыларға 9 миллионнан астам теңге айыппұл салынды. Заң бұзушылықтардың дені - асханадағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың болмауына, 400-ге жуық педагогтың біліктілікті арттыру курстарына жіберілмеуіне және өрт қауіпсіздігі нормаларының сақталмауына қатысты. Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті осындай олқылықтарды анықтады.

 «Мектеп басшыларына нұсқама берілді. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, лицензиялау нормаларын бұзушылықтарды жоймаған жағдайда мектеп лицензиядан айырылады», - деді Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бөлім басшысы Жанар Қасымова.

Серіктес жаңалықтары