Түркістан облысында шетелдіктерге шекараны заңсыз кесіп өтуге көмектескендер ұсталды

Қазіргі уақытта заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Түркістан облысында шетелдіктерге шекараны заңсыз кесіп өтуге көмектескендер ұсталды
polisia.kz
856

Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері көші-қон заңнамасын өрескел бұзған шетелдіктерге көмек көрсетумен айналысқан адамдар тобының қылмыстық әрекетін тоқтатты, деп хабарлады turkystan.kz.

Жедел уәкілдер заңсыз көші-қонды ұйымдастырды деген күдікпен 9 күдіктіні ұстады, оның екеуі – әйел, жетеуі – ер адам. Олардың бірі Өзбекстан азаматы болса, қалғандары жергілікті тұрғындар. Сондай-ақ полицияға Өзбекстанның 6 азаматы жеткізілді.
 

«Осылайша полицейлер тінту іс-шараларын жүргізіп, құжаттар мен 6 шетелдік паспорт, Сайга аңшы мылтығын патрондарымен, екі есірткі заты бар орама, 16 телефон, жарты миллион теңгеге жуық қаражат, 250 мың өзбек ақшасы және өзге де заттай дәлелдемелерді тауып, тәркіледі», - делінген Polisia.kz сайтының хабарламасында.

Қазіргі уақытта заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-тергеу шаралары жалғасуда. Болған оқиғаның барлық жағдайлары анықталады.

Серіктес жаңалықтары