Макронның 70 жастағы әйелі Netflix-тің танымал сериялына түседі
«Париждегі Эмили» сериалының кезекті маусымы түсіріліп жатыр.
Франция президенті Эммануэль Макронның әйелі Netflix-тің әйгілі «Париждегі Эмили» сериалының түсірілімі барысында бой көрсетті, деп хабарлады turkystan.kz.
Әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарындағы мәліметтерге сәйкес, 70 жастағы Брижит Макрон төртінші маусымда эпизодтық рөлді сомдайды.
Франция президентінің әйелі сериалдың жалғасы түсіріліп жатқан алаңда болған. Ол алтын түймелері бар қара күрте киген. «Сериалдың тұрақты көрермені» атанып кеткен Брижит актриса Лили Коллинзбен бірге көзге түскен. Ол жобада басты рөлді сомдайды.
«Париждегі Эмилидің» үшінші маусымы Netflix-ке 2022 жылдың 21 желтоқсанында Париждегі ауқымды премьерадан кейін шыққан еді. Сол кезде премьераға Лили Коллинз, Эшли Парк, Филиппин Леруа-Болье, Кейт Уолш, Камиль Разат, Лукаса Браво және басқа да актерлер жиналған болатын.