Intel 2023 жылы үлкен шығынға ұшырады

Intel акциялары 4,3%-ға төмендеді.

Intel 2023 жылы үлкен шығынға ұшырады
861

АҚШ-тың Intel компаниясы АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясына қаржылық есеп берді, деп хабарлады turkystan.kz.

Жылдық есеп барысында команияның үлкен шығынға батқаны белгілі болды.

Intel компаниясы процессорлардың келісімшарттық өндірісіне жауапты бөлімшенің операциялық шығындары 2023 жылы 7 миллиард доллар болды. Салыстырмалы түрде алсақ, оның алдыңғы жылы бұл көрсеткіш 5,2 миллиард долларды құрады. Ал бөлімшенің кірісі 2023 жылы 18,9 млрд долларды құрады, бұл өткен алдыңғы өткен кезеңмен салыстырғанда 31% - ға аз (27,49 млрд доллар).

Осының салдарынан Intel акциялары 4,3%-ға төмендеді.

Инвесторларға арналған презентация кезінде Intel компаниясының бас директоры Пэт Гелсингер 2024 жыл операциялық шығындар тұрғысынан компанияның бизнесі үшін ең нашар жыл болатынын мәлімдеген. Компания шамамен 2027 жылға қарай рентабельділікке қол жеткізуді жоспарлап отыр. 2030 жылы Intel TSMC-тен кейінгі әлемдегі екінші ірі келісімшарт чипмейкері болады деген болжам бар.

Серіктес жаңалықтары