«Алтын Емел» ұлттық паркінің аумағындағы жер өртенді

Бұл туралы Төтенше жағдай министрлігі мәлім етті.

«Алтын Емел» ұлттық паркінің аумағындағы жер өртенді
ТЖМ
732

Өрт 2гектар жерді шарпыған. 

Ведомство мәліметінше, өртті сөндіруде 45 адам жұмылдырылды.

Кеше түнде Кербұлақ ауданында "Алтын Емел" МҰТП аумағында Іле өзенінің бойында құрғақ қамыс пен бұталар өртенді. Өрт жалпы ауданы 2 га жерде жойылды. Өртті сөндіруде 45 адам және 12 бірлік техника ТЖД, ЖАО және "Алтын Емел" МҰТП күштері мен құралдары жұмылдырылды. Өрттің себебі анықталуда, - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары