821
Apple компаниясы 700 қызметкерін жұмыстан шығарды
Titan атты электромобиль жобасының жабылуы да компанияны қызметкерлерін жұмыстан шығаруға мәжбүр етті.
Apple компаниясы Калифорнияда электромобиль жобасы тоқтап, Micro-LED жобасы іске аспайтын болған соң 700-ден астам қызметкерді жұмыстан шығаратынын мәлімдеді.
Bloomberg мәліметі бойынша, корпорация өздерінің Micro-LED-ін әзірлеу және өндіру жобасынан бас тартты, бұл оларды дұрыс мөлшерде шығарудың қиындығына және қаржылық қиындықтарға байланысты болып отыр. Компания iPhone, Mac және Apple Watch экранын шығаруды жоспарлаған болатын.
Titan атты электромобиль жобасының жабылуы да компанияны қызметкерлерін жұмыстан шығаруға мәжбүр етті. Компания 2014 жылдан бері электромобиль жасау үшін жұмыс істеп келеді, бірақ бірқатар мәселе шамамен 2 мың қызметкер жұмылған жобадан бас тартуға мәжбүр етті.