1105
Жаңбыр, дауыл: 6 сәуірде күн жаңбырлы болады
Бүгін ауа райы қандай болады?
Қазгидромет 6 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады turkystan.kz.
Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттар жүріп өтеді. Осыған байланысты жаңбыр жауады.
Республиканың батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында нөсер жауын болады, батыс, оңтүстік облыстарда найзағай жарқылдайды. Тек солтүстік және шығыс аймақтарда әлі де жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
ҚР бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында дауыл тұрады.