Ресейдегі су бөгетінің жарылуынан бізге қауіп төніп тұрған жоқ – ТЖМ

Тек Орск қаласына жақын орналасқан елді мекендерге қауіп бар

Ресейдегі су бөгетінің жарылуынан бізге қауіп төніп тұрған жоқ – ТЖМ
Видеодан алынған кадр
935

Ресейдегі су бөгетінің жарылуынан бізге қауіп төніп тұрған жоқ. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Тек Орск қаласына жақын орналасқан елді мекендерге қауіп бар. Жарылған су бөгеті көктем уақытында тасқын суды ұстап тұруға арналған. Сол үшін Қазақстанға қауіп төндіріп тұрған жоқ. Су біздің аумағымызға кірмейді, - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ресейдің Орынбор облысы Орск қаласында су бөгеті жарылған болатын.

Серіктес жаңалықтары