820
Елімізге Қырғыз Республикасынан 15 фура гуманитарлық көмек келді
15 фура гуманитарлық көмек Жамбыл облысына келіп жетті
Қырғыз Республикасы Қазақстанға гуманитарлық көмек жолдады, деп хабарлады turkystan.kz төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Су тасқыны салдарынан төтенше жағдайлардан зардап шеккен Қазақстан халқына бастамашыл гуманитарлық жүкті Қырғыз Республикасы ТЖМ вице-министрі Урматбек Шамырқанов алып жүрді.
15 фура гуманитарлық көмек Жамбыл облысына келіп жетті. Азық-түлік, киім-кешек, төсек-орын жабдықтары, жылытқыштар және т.б. түріндегі гуманитарлық жүк Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының тұрғындарына жіберіледі.