1508
Қырғыз Республикасы жіберген гуманитарлық көмек көліктері Түркістанға жетті
Таңертеңмен 15 фура су тасқыны орын алған аймақтарға жолға шықты
Түркістанда түнеген камаз көліктерінің жүргізушілері таңертеңмен Ақтөбеге жолға шықты, деп жазады turkystan.kz.
Қырғызстан Республикасы ТЖМ вице-министрі Урматбек Шамырқанов су тасқыны орын алған өңірлерге арналған жүкті басқарып келді. Автокалонаны Түркістан облыстық ТЖД бастығының орынбасары Асхат Ержанов қарсы алды.
Ел аумағында полиция қызметкерлерінің сүйемелдеу жұмыстары ұйымдастырылды. Гуманитарлық жүк Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарындағы тасқын судан зардап зеккен халыққа арналған. Таңертеңмен гуманитарлық көмек тиелген 15 фура су тасқыны орын алған аймақтарға жолға шықты.