Швеция Қытай журналисін елден қуды

Швеция билігі репортер ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндірді деп мәлімдеді.

Швеция Қытай журналисін елден қуды
көрнекі сурет: BJORN OLSSON/AP
720

Швеция Қытай журналисін елден қуды, деп жазды euronews швед бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап. 

Швеция билігі репортер ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндірді деп мәлімдеді. 57 жастағы әйел өткен аптада елден шығарылды. Оған қайтып оралуға тыйым салынды.

Оның адвокаты Лейтрим Кадриу біржақты пікір айту қиын екенін айтып, мәлімдеме жасаған. 

"Көп нәрсе құпияға толы екенін ескере отырып, егжей-тегжейлі айту қиын, өйткені бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесі", - деді Кадриу.

Әйелді қазан айында Швецияның қауіпсіздік қызметі тұтқындаған болатын. Оның елде тұруға ықтиярхаты бар және жиырма жыл бұрын швед азаматына үйленген. SVT мәліметтері бойынша, ерлі-зайыптының балалары бар. 

 

Серіктес жаңалықтары