Тұман түсіп, жел күшейеді: Бүгін ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК-сы наурыздың 9-ы күнгі күн райы болжамын жариялады.

Тұман түсіп, жел күшейеді: Бүгін ауа райы қандай болады?
Pixabay
957

Кәсіпорын деректеріне қарағанда, еліміздің аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай күн құбылмалы болады, көбіне жаңбыр жауады.

Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде түнде қар аралас жаңбыр, күндіз жаңбыр жауады, облыстың оңтүстік-шығыс таулы аудандарында да жауын-шашын болжануда, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Тек еліміздің батысында, оңтүстік-батысында ғана күн жауын-шашынсыз болады.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, елдің солтүстігінде көктайғақ болып, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында дауыл тұрады, бұршақ жауады.

Серіктес жаңалықтары