1998
Әнші Динара Сұлтанның күйеуі су тасқынынан зардап шеккендерге 100 млн теңге аударды
Әншінің күйеуі серіктестерімен бірігіп, қиын жағдайда қалған отандастарына көмек берген.
Танымал әнші Динара Сұлтан желіде жолдасы су тасқынынан зардап шеккендерге барынша көмектесіп жатқанын айтты.
Өнер иесі жолдасының видеосын жариялап, бүгінде оның су тасқынынан зардап шеккендерге барынша көмектесіп жатқанын хабарлады. Белгілі болғандай, әншінің күйеуі серіктестерімен бірігіп, қиын жағдайда қалған отандастарына 100 млн теңге көлемінде көмек аударған.
«Осы заманның нағыз батыры - менің жарым деп қойсаң. Бүгінгі таңның тілсіз жауымен айқасу өте қиын болып тұр. Десе де көмек ұшын созып жатқан отандық кәсіпкерлерімізге Алла разы болсын деймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсыншы деп тілеймін», - деп жазды Динара Сұлтан.