629
Елден көшкендер саны азайды: Көші-қон сальдосы 12 жылда алғаш рет оң бағытқа өзгерді
Ақпанның қорытындысы бойынша Қазақстанға көшіп келгендер мен елден көшіп кеткендердің арасындағы айырмашылық 1,9 мың адам болды.
Көші-қон жағдайы жақсарып келеді, бұл туралы Бірінші кредиттік бюро хабарлады.
Ақпанның қорытындысы бойынша Қазақстанға көшіп келгендер мен елден көшіп кеткендердің арасындағы айырмашылық 1,9 мың адам болды. Бұл - 2018 жылдың басынан бергі жоғары көрсеткіш.
Бұған дейін елімізде көші-қон сальдосы теріс болды. Тек 2022 жылғы қазаннан бастап жағдай өзгере бастады. Ал 2023 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 12 жылда алғаш рет оң бағытқа өзгерді.
Алайда жағдай бүкіл Қазақстанда емес, тек жекелеген өңірлерде ғана оң бағытқа өзгергені байқалады, - деп мәлімдеді Бюро.