Димаш Құдайберген су тасқынынан зардап шеккендерге 15 млн теңге аударды

Әнші Димаш Құдайберген туған жері Ақтөбеге барды.

Димаш Құдайберген су тасқынынан зардап шеккендерге 15 млн теңге аударды
Фото: ҚазАқпарат агенттігінен
2801

Ол саяжай аумағында тұратын, бірақ қазір баспанасын тастап № 40 мектепте уақытша тұрып жатқан тұрғындармен кездесті, деп хабарлады turkystan.kz «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап.

Ол алдымен баспанасына су кірген қамкөңіл жерлестеріне демеу болып, олардың жанынан табылды.

Жылы сөзін арнап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің тапсырмасы негізінде елдегі атқарылып жатқан істерге тоқталды.

— Бала кезден бастап тілеуімді тілеп, биікке қанат қағып, қалықтап жүруіме тілекші болып жүрген жерлестерімнің қал-жағдайын білмей кете алмадым. Жаңалықтардан мемлекет тарапынан ауқымды сомада көмек беріліп жатыр дегенді оқып жатырмын. Ең бастысы, еліміз аман болсын, жұртымыз тыныш болсын, — деді әнші.

Өзі де игі істен шет қалмай, туған жеріне сапары барысында қайырымдылық қорға ақша аударды.

Серіктес жаңалықтары