Қостанайда зардап шеккендерге 114 млн теңге біржолғы төлем берілді

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Арман Әбенов айтып берді.

Қостанайда зардап шеккендерге 114 млн теңге біржолғы төлем берілді
ҚР ТЖМ
568

Қостанай облысының негізгі су қоймаларында су ағызу баяулатылды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Арман Әбенов айтып берді, деп хабарлады turkystan.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, облыс бойынша су тасқыны жағдайы тұрақталды және Қаратомар су қоймасында секундына 1 600 текше метр су ағуда.

Жоғары Тобыл және Желқуар қоймаларында да су ағызудың төмендеуі байқалады. Қарасу ауданындағы Тімтуір, Құндызды және Қарасу өзендеріндегі су деңгейінің төмендеуі тәулігіне 7-ден 81 см-ге дейін құрады.

«Облыстың оңтүстік бөлігіндегі Торғай, Дәмді және Қабырға өзендерінде судың әлі де жоғары деңгейі сақталуда. 161 жер үй су астында қалып отыр. Су басуына байланысты 27 елді мекен әлі күнге дейін электрмен жабдықтаусыз қалып отыр. Бүгінгі күнде электр бағандары суда қалған, бұл оларды қалпына келтіру жұмыстарын қиындатуда, су кеткеннен кейін жұмыс жалғасады», - деді А. Әбенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Аймақта республикалық маңызы бар 4 және облыстық маңызы бар 3 автожол жабылды. Он елді мекенмен көлік қатынасы үзілген.

«Халық азық-түлікпен және дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілген. Су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына көмек көрсету жалғасуда. Біржолғы әлеуметтік төлемдер басталды, сондай-ақ демеушілік және гуманитарлық көмек көрсетілуде. Бүгінгі таңда әлеуметтік көмек 620 отбасына 114,4 млн теңге сомасында төленді», - деді әкім орынбасары.

Серіктес жаңалықтары