868
ШҚО-да жантүршігерлік жол апаты болды
Апат салдарынан оқиға орнында екі адам қаза тауып, үш жолаушы медициналық мекемеге жатқызылды.
10 сәуір сағат 19.00 шамасында «Өскемен-Самар» автожолының Ұлан ауданы тұсында «Лада Ларгус» және «Лада Гранта» маркалы екі автокөлік соқтығысып қалды, деп хабарлады turkystan.kz.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, сот сараптамалары тағайындалды.
Сағат 22.00-де ауруханаға жатқызылғандардың бірі қайтыс болды.
ШҚО Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларына жол жүрісі қағидаларын, жылдамдық режимін сақтау керегін және метеорологиялық жағдайларды ескеру қажеттігі туралы ескертеді.