Әнші Асқар Жүнісбековтің әкесі өмірден өтті

Қаралы хабарды әнші Ердос Қанаев мәлім етті.

Әнші Асқар Жүнісбековтің әкесі өмірден өтті
Instagram/askar__tau
849

Әнші Асқар Жүнісбековтің әкесі дүниеден өтті. Қаралы хабарды әнші Ердос Қанаев мәлім етті.

«Құрметті, ағайын! Асқар Жүнісбековтің асқар тау әкесі Раббысына қайтты. Алла алдынан жарылқасын! Еркін Нұржанов, Асқар Жүнісбеков үшеуміз бір ауылда туып, бір ауылда өскен соң, ата-аналарымыз да бір-бірімізге әке әрі ана болып кетіп еді. Марат көкеміз де әкеміздей болған кісі еді. Мына суыт хабар жүрегіме қатты батты. Асқар, қайғыңа ортақпын! Алланың өлшеп берген тағдырымен бір күні бұл өмірден бәрімізде кетеді екенбіз», - деп жазды Ердос Қанаев Instagram-дағы парақшасында.

Серіктес жаңалықтары