Бишімбаевтың заңгері сотта судьяны ауыстыруды талап етті

Бұдан кейін алқабилер сот залынан шығарылып, сот процесінің тікелей эфирі тоқтатылды.

Бишімбаевтың заңгері сотта судьяны ауыстыруды талап етті
Жоғарғы соттың баспасөз қызметі
2001

11 сәуірдегі сот отырысында әйелін өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов судья Айжан Кульбаеваны істен шеттетуді сұрады, деп хабарлады turkystan.kz stan.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Бүгін Ғазымжанов сот залында Бишімбаевтың жалғыз қорғаушысы болып отыр. Назкен Құсайынова мен Ләйлә Рамазанова сот процесіне кешіккендіктен, судья Айжан Құлбаева олардың сот отырысына үзілістен кейін ғана қатыса алатындарын айтты.

Судья сотқа шақырылмаған куәгерлердің айғақтарын оқуға рұқсат берді. Ерлан Ғазымжанов мұның заңсыз екенін айтты. Сол үшін Қуандық Бишімбаевтың адвокатына судья Айжан Құлбаева сот процесіне қатысушыларды адастырғаны үшін ескерту жасады. Осыдан кейін енді қорғаушылар судьяны ауыстыруды сұрап отыр. 

Алқабилер сот залынан шығарылып, сот процесінің тікелей эфирі тоқтатылды.

Серіктес жаңалықтары