1112
Өскемендік қария 7 жасар немересін пышақтады деген күдікке ілінді
Күдікті қамауға алынған.
Елді дүрліктірген оқиғаға ШҚО полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлады turkystan.kz.
YK-news.kz сайты таратқан ақпаратқа сенсек, қайғылы оқиға 22 наурызда болған. Ер адам 7 жасар немересін бірнеше жерден пышақтап кеткен. Бала қайтыс болды.
«Өскемен қаласының тұрғынының немересін өлтіру фактісі бойынша төмендегіні хабарлаймыз. Шынында да, 22 наурызда Өскемен қалалық ІІБ-нің тергеу бөлімі Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі («кәмелетке толмағанды өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Күдікті қамауға алынды», - деп жазылған ШҚО полиция департаментінің YK-news.kz сайтының редакциясына берген жауабында.