«Қиын-қыстау, қилы заманда» әнінің авторы халықтан кешірім сұрады

Желі қолданушылары болса ақынды сабырға шақырып әлек.

«Қиын-қыстау, қилы заманда» әнінің авторы халықтан кешірім сұрады
видеодан скриншот
1551

Танымал айтыскер ақын, сазгер Сырым Әуезхан халыққа кеңінен тараған “Біз біргеміз” әні үшін көпшіліктен кешірім сұрады, деп хабарлады turkystan.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бүгінде өнер иесі су тасқынынан зардап шеккен Құлсары өңірінде волонтер болып жүр. 

“Қиын-қыстау, қилы заманда, не болмаған байтақ даламда” деп басталатын әннің авторы мен едім. Құлсарыға келгелі ең көп естіген әңгімем – “осы әнді құрту керек” деген сөз. Халықтан кешірім сұраймын. Екіншіден, әннен басқа да себептерді қарастырып көрсеңіздер. Осы әннің артынан жақсы мағыналы, елге пайдалы, елдің рухын көтеретін ән жазсам ба деген ниет бар. Сондай әншілер болса хабарласыңыздар, – деді айтыскер ақын. 

Желі қолданушылары туындының керемет екенін айтып, ақынды сабырға шақырды. 

“Өте жақсы ән”, “Жүрекке жетіп, халықтың көңілінен шыққан шығарма”, “Патриоттық ән десе де болады”, “Негізі жақсы ән, тек көп естіп, халық жалығып кетті”, “Жылу жинайтын ән болып тұр”, “Сол ән болмағанда блогерлер видео жасай алмай қалатын еді”, “Әннен де маңызды тірліктер бар. Еліміз аман болсын!”, – деп жазды желі қолданушылары.

<

>

Серіктес жаңалықтары