Түркістан облысынан жиналған гуманитарлық көмек өңірлерге жіберіліп жатыр

Ауыртпалығын бүкіл еліміз теңдей бөлісіп жатқан қайырлы істен өңірдегі ақ жаулықты аналары да шет қалмауды ұйғарды. «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, облыстық партия филиалы жанындағы Әйелдер қанатының кеңесшісі Қалыйма Жантөреева облыстағы «Жастар рухы» жастар қанатының көшбасшысы Жансерік Жұманды ертіп топан судың ортасында қалған Ақтөбеге алып-ұшып жетті.

Түркістан облысынан жиналған гуманитарлық көмек өңірлерге жіберіліп жатыр
632

Ақтөбе облысындағы қарғын судан зардап шеккен ауыл тұрғындарына Түркістан облысынан жеткізіліп жатқан гуманитарлық көмектің ағыны тоқтаған емес.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметінің мәліметінше, жері шұрайлы Түркістан топырағынан азық-түліктің алуан түрі кетіп жатыр. Макарон, ұн өнімдері, мал және құс еті, өсімдік майы, консерві өнімдері, мұздатылған балық жеткізілуде. Дихандардың маңдай терімен жиналған картоп пен жуа, кептірілен көкөністер, жылыжай шаруашылықтарында баптап өсірілген қызанақ пен қияр, шалғам, биылғы жылдың ерте өнімі санатындағы қырыққабат жөнелтілді.

«Облыстың тігін фабрикаларының төл өнімі ретінде көрпе-төсек, киім-кешек түрлері үйлері су астында қалған ағайынға түркістандық жүртшылықтың қолдауы санатында ұсынылды. Азаматтарымыз тұрмысқа қажетті өзге де бұйымдарды ел болып бірігіп жинап, зардап шеккен тұрғындармен қолда бар мүмкіндіктермен теңдей бөлісуге асық болды. Игілікті іске Түркістан облысының 17 аудан, қаласы үлес қосуда. Ауыл-аймақтарда волонтерлар, депутаттар, әкімдік қызметкерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер, кәсіпкерлер, жастар белсенділері, партиямыздың қатардағы мүшелері, дін өкілдері, азаматтық ұйымдардың белсенділері ауызбіршіліктің жарқын үлгісін көрсетіп, қайырымдылық керуендерін жасақтап, жолға шығуын ұйымдастыруда», - делінген хабарламада.

Ауыртпалығын бүкіл еліміз теңдей бөлісіп жатқан қайырлы істен өңірдегі ақ жаулықты аналары да шет қалмауды ұйғарды. «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, облыстық партия филиалы жанындағы Әйелдер қанатының кеңесшісі Қалыйма Жантөреева облыстағы «Жастар рухы» жастар қанатының көшбасшысы Жансерік Жұманды ертіп топан судың ортасында қалған Ақтөбеге алып-ұшып жетті.

«Түркістан топырағынан келген абыройлы азаматша өз атынан жасаған қолдауы ретінде жалпы қаржысы 8 млн теңге болатын 100 түйе жүн көрпе, «Түркістан» эмблемасы бейнеленген 300 дана жылы күртеше мен бейсболканы пойызбен жеткізді. Ақтөбелік әріптестеріміз, «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы мен белсенділері күтіп алып, Қобда ауданына жолға шықты. Ондағы 2 бекетте жатқан басындағы баспанасы мен ырыс-берекеге баланған ошақ басы су астында қалып қиындық көрген отбасыларға қолдауын білдіріп, әкелген жылы күртешелер мен көрпелер үлестірілді», - делінген хабарламада.

Одан соң, «AMANAT» партиясының Қобда аудандық филиалы ғимараты маңында да тұрғындарға гуманитарлық көмек таратылды.

Қалыйма Жантөреқызы қиындық көрген жандарға жылы сөзін арнап, қиындықты сабырмен еңсеруге шақырды.

«Ел болып жұмылуымыздың арқасында ауылдарымыз көп ұзамай еңсе тіктейтініне сенімдімін. Түркістан облысының Мақтарал ауданында осыдан екі жыл бұрын болған тасқын судың салдарын жұрт болып жұмылып еңсергенбіз. Ақтөбенің іргелі жұрты әлі талай қызықты күндерге, табысты сәттерге куә болады», - деп Қалыйма Жантөреқызы ақжарма тілегін жеткізді.

Отандастарының басына түскен осынау ауыртпашылықты бөлісуге алыстан ат арытып келген түркістандық әріптестеріне Қобда аудандық мәслихат төрағасы Жанболат Қанатбайұлы мен «AMANAT» партиясының Қобда аудандық филиалының атқарушы хатшысы Елік Сабитов алғысын білдірді. Ақтөбелік ағайындар да аналық мейрімін танытқан Қалыйма Жантөреқызына ризашылығын жеткізіп жатты.

 

Серіктес жаңалықтары