61 мыңнан астам құқықбұзушылық анықталды

Сондай-ақ бейнебақылау каме­ра­ла­ры­ның көмегімен 125 қылмыс ашылды.

61 мыңнан астам құқықбұзушылық анықталды
сурет: polisia.kz
1003

Ішкі істер министрлігі «Құқықтық тәртіп» жедел-профилак­тикалық іс-шарасының қорытындысын жариялады.  14 мыңға жуық полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қыз­мет­кері жұмылдырылған шара барысында бейнебақылау кө­мегімен 125 қылмыс ашылды. 

10 күн ішінде іздеуде жүрген 71 адам ұста­лып, белгіленген тұрғылықты же­ріне кел­меген 24 сотталған азамат анық­талды. Ар­найы қабылдау-тарату ор­нына 661 адам ор­наластырылған. Олар­дың арасында тұр­ғылықты жері жоқ адамдар, құжаттары жоқ шетел­дік­тер де бар.
Рейд барысында тыйым салынған зат­тарды заңсыз сақтау мен алып жүру­дің 362 фактісі анықталған. Оның ішін­де 92 келі есірткі, 35 атыс қаруы жә­не 161 суық қару тәркіленген. 

– Жол қозғалысын қадағалау ке­зін­де жылдамдық режимін сақ­та­мау­дың 22 мың фактісі, қарсы жолаққа шығу­дың 337 фактісі тіркелді. Автокөлікті мас күйде басқарған 437 жүргізуші ұс­тал­­ды. Жүргізуші куәлігінен айырылса да, көлік тізгіндеген 267 адам анық­тал­ды, – деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Але­­­кешев.

Сондай-ақ бейнебақылау каме­ра­ла­ры­ның көмегімен 125 қылмыс ашылды.

– Көші-қон заңнамасының сақ­талуы­на бақылау күшейтілді. 29 мың жал­дамалы пәтер, полиция есебінде тұр­ған, шартты түрде сотталған 74 мың адам тексерілді. Әкімшілік қадағалауды бұ­зудың 90 фактісі анықталды. Құ­қық­бұзушылыққа қайта жол бергендер қа­мауға алынды. Қорғау нұсқамасына қа­рамастан отбасында зорлық-зом­бы­лық жасаған 337 агрессор қамауға алын­ды, – деді спикер.

«Құқықтық тәртіп» іс-шарасы ке­зін­де жалпы 61 мыңнан астам құқық­бұзу­шылық анықталды. Қоғамдық тәртіпті бұз­ған 18 мың адам жауапқа тартылды. Уақыт­ша бейімдеу орталықтары мен медициналық айықтырғыштарға 5 мың адам жеткізілді. Көшеде және ойын-сауық орындарында заңды өкілдерінсіз түн­гі уақытта болған 7 мыңға жуық кә­мелетке толмаған бала анықталды.

Серіктес жаңалықтары