Алматы маңында жер сілкінді

Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында орналасқан.

Алматы маңында жер сілкінді
egemen.kz
3100

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СЗжБҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 12 сәуірде Алматы уақытымен сағат 13:13-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлады turkystan.kz.

«Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында (Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 273 км жерде) орналасқан. Сезілетіндігі туралы мәліметтер (MSK-64 шкаласы бойынша): Алматы қаласында 2 балл», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары