691
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
«Қазгидромет» РМК 13-15 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
Синоптиктердің болжамынша, республика аумағының басым бөлігі әлі де атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болады. Осыған байланысты тұрақсыз ауа райы болады.
«Жаңбыр жауады, түнгі уақытта елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында жауын жауады, оның арты қарға ұласады. Оңтүстікте, 14-15 сәуірде елдің оңтүстік-шығысында жауын-шашын болады», - делінген хабарламада.
13-14 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында және Абай облысында күн ашық болады. Республика бойынша екпінді жел күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі. Ал батыс, оңтүстік өңірлерде найзағай ойнауы мүмкін.
Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.