740
Tesla автопилот көлігі адам өмірін құтқарды
Электромобиль иесі жедел жәрдем шақырудың орнына, автопилоттың көмегімен ауруханаға баруды шешкен.
Америкалық азамат Tesla автопилот көлігі онң өмірін құтқарып қалғанын мәлімдеген.
Оның айтуынша, инсулин салатын мүмкіндігі болмағандықтан, кенеттен қанындағы қант деңгейі күрт көтерілген. Электромобиль иесі жедел жәрдем шақырудың орнына, автопилоттың көмегімен ауруханаға баруды шешкен.
Көлік менің басқаруымсыз, өздігінен үйімнен Вирджиния штатының жедел жәрдем бөліміне дейін 13 мильдік жолды мінсіз жүріп өтіп, келген кезде өзін автономды режимге қоюды және дереу медициналық көмекке жүгінуге рұқсат беруді ұсынды. Жеңіл инфаркттан аман қалғаныма қарамастан, барлығы сәтті өтті, - деп жазды ол.