Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Тазалық жұмыстарына 1200-дан астам адам қатысып, 17 арнайы техника жұмылдырылды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
701

Шымкент қаласының аумағын абаттандыруға кіріскен тұрғындарға Республикалық деңгейде өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» акциясына орай ассамблея мүшелері қолдау көрсетті, деп хабарлады turkystan.kz.

#TazaShym экологиялық акциясы аясында "Қазақстан - Түркия достығы" саябағы маңына қала тұрғындары, қоғам белсенділері, ассамблея мүшелері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері жиналды. Олар іргелес аумақтар мен аулаларды жинау, көгалдандыру, ағаштарға күтім жасау секілді жұмыстарды орындады.

Акцияға қатысушылар саябақтағы қоқыстарды тазалап, шөп ору, ағаштарды әктеу және кесу жұмыстарын атқарды. Бұдан басқа, шағын аудандардың аулаларын, қоқыс жәшіктерін тазалау, орындықтарды, балалар алаңдары мен спорт алаңшаларын ретке келтіру жұмыстары істелді.

Тазалық жұмыстарына 1200-дан астам адам қатысып, 17 арнайы техника жұмылдырылды, жүргіншілерге арналған барлық жолдар тазаланып, 56 м3  қоқыс шығарылды, 14 шақырым ирригациялық жүйелер тазаланды.

Айта кетейік, іс-шараға армян этно-бірлестігінің өкілі Н. Мавсосиян, белсенді жас А. Сұлтан және Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Д.Қожамжарова және басқа да қала тұрғындары қатысты.

Серіктес жаңалықтары