388
Байкалдағы мұз марафонында мәскеулік шаңғышы көз жұмды
Байкалдағы мұз марафонында мәскеулік шаңғышы көз жұмды
Байкал мұз марафоны кезінде мәскеулік шаңғышының кенеттен жүрегі тоқтап, көз жұмды. Бұл туралы шара ұйымдастырушыларына сілтеме жасап ТАСС хабарлады.
Өз есімін атауды жөн көрмеген ақпарат көзі 35 жастағы спортшының неден өлгенін анықтау мақсатында мәйітті сойып жатқанын хабарлады.
«Алдын ала болжам бойынша, спортшының жүрегі кенеттен тоқтап қалған. Дәрігер оның өмірін сақтап қалуға қанша тырысқанымен, ер адамды ажалдан арашалап қала алмады», - деді ақпарат көзі.
Айта кетейікғ Байкал мұз марафоны 7 наурыз күні «Зимниада - 2017» халықаралық фестивалі аясында өткен. Бұл марафон әлем бойынша ең күрделі жарыстардың бірі болып саналады. Бәсекеге әлемнің 32 елінен 200 спортшы қатысқан.