6 өңірде 4 мыңға жуық үй су астында қалып отыр

Су тасқыны басталғалы бері 102 328 адам, оның ішінде 37 537 бала қауіпсіз жерлерге жеткізілді

6 өңірде 4 мыңға жуық үй су астында қалып отыр
Ақмола облысы ТЖД
686

6 өңірде 4 мыңға жуық үй су астында қалып отыр. Бұл туралы ТЖМ азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Су тасқыны басталғалы бері 102 328 адам, оның ішінде 37 537 бала қауіпсіз жерлерге жеткізілді. Уақытша орналасу пунктеріне 6 757 адам, оның ішінде 3 148 бала орналасты. 10 120 адам үйлеріне оралды. 9,1 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды. 1,7 млн қапшық және 1,2 млн тонна инертті материал төселді. Бүгінгі таңда авариялық-құтқару жұмыстарында 35 551 адам, 3 559 техника, 750 су сору құралы, 214 жүзу құралы, 14 әуе кемесі жұмылдырылды, - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның атап өтуінше, осы сағатта Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында 3 957 жеке тұрғын үй, 942 аула аумағы және 962 саяжай үйлері су астында қалған. 3 129 тұрғын үй мен 2 033 аула аумағынан су бұрылды.

Еліміздің 8 өңірінде Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында жергілікті ауқымдағы 36 ТЖ әрекет етеді. ТЖМ азаматтарды аса мұқият болуға, су тасқыны кезеңінде қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз сақтауға, үйлерден және эвакуациялау пункттерінен тиісті рұқсатсыз кетпеуге шақырады, - деді Ерасыл Сайпаш.

Серіктес жаңалықтары