16 қазақстандық санаторий су тасқынынан зардап шеккендерді тегін қабылдайды

Оның 12-сі Түркістан облысында орналасқан

16 қазақстандық санаторий су тасқынынан зардап шеккендерді тегін қабылдайды
627

Еліміздегі 16 санаторий су тасқынынан зардап шеккендерді тегін қабылдайтын болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Оның 12-сі Түркістан облысында орналасқан. 

Зардап шеккендерді қабылдауға дайындық туралы Бурабай, Семей, Алматы және Ақтөбе облыстарының Алға кентіндегі санаторийлер мәлімдеді.

Бұл нысандар бір мезгілде 190 адамды қабылдай алады. Оңалту курсы 10-нан 14 күнге дейін болады.

Су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына, соның ішінде балаларға қажетті медициналық көмек және психологиялық оңалту қызметі көрсетіледі.

Серіктес жаңалықтары