БҚО-да 1 мыңнан астам киік қырылып қалды

Мұратсай ауылының тұсымен киіктер Жәнібек ауданына қарай төлдеу үшін өтеді

БҚО-да 1 мыңнан астам киік қырылып қалды
Бөкей ордасы ауданы әкімдігінен
845

Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданында 1 мыңнан астам киік қырылып қалды, деп хабарлады turkystan.kz Халық үніне сілтеме жасап.

Аудан әкімі Нұрлыбек Даумовтың айтуынша, оқиға 12 сәуірде кешкісін Мұратсай ауылдық округінде болған.

Ауыл маңындағы Мұратсай су қоймасынан 1 мыңнан астам киіктің өлексесі табылды.

Сәуір айында осы Мұратсай ауылының тұсымен киіктер Жәнібек ауданына қарай төлдеу үшін өтеді. Әлсіз болды ма, әлде бірін-бірі тапап өлтірді ме, себебі белгісіз. Қазір «Охотзоопром» мекемесі, «Бөкейордасы» табиғи резерваты, аудан және ауыл әкімдігінің қызметкерлері, ветеринар мамандар судан өлекселерді шығарып, шұңқырға көму жұмыстарын жүргізбек.

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінен ғалымдар келеді. Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық басқарма қызметкерлері судан сынама алды. Жағдай бақылауда. Оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде, – деді Kazinform тілшісіне Нұрлыбек Даумов.

Серіктес жаңалықтары