Жұмыс істемеген 2 қызметкерге еңбекақы төлеп отырған: Шымкентте мектеп директоры 6,8 миллион теңге жымқырған

Аудан прокуратурасы мектеп басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Жұмыс істемеген 2 қызметкерге еңбекақы төлеп отырған: Шымкентте мектеп директоры 6,8 миллион теңге жымқырған
stolitca24.ru
730

Шымкент қаласы Тұран ауданының прокуратурасы тексеру барысында 6 843 837 теңге сомадағы бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл ақшалай қаражат 2022-2023 жылдар аралығында №73 орта мектепті ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге, ғимаратты жылытып ұстау үшін көмір жеткізуге бюджеттен бөлінген.

Одан бөлек жұмыс атқармағанына қарамастан 2 қызметкерге ай сайын еңбекақы төленіп отырғаны белгілі болды.

Аудан прокуратурасы мектеп басшылығына қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

 

Серіктес жаңалықтары