Мемлекет басшысы ресми сапармен Арменияға барды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Мемлекет басшысы ресми сапармен Арменияға барды
Akorda.kz
562

Арменияның мемлекеттік резиденциясында Ереванға ресми сапармен келген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Қазақстан мен Арменияның әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Салтанатты рәсімнен кейін Мемлекет басшысы мен Армения Премьер-министрі келіссөз өтетін залға барды.

 

Серіктес жаңалықтары