Ресей Айға және Марсқа ұшатын зымыран жасау үшін 600 миллиард рубль бөлмек

2024 жылы Ресей 123 ғарыш аппаратын ұшыруды жоспарлап отыр.

Ресей Айға және Марсқа ұшатын зымыран жасау үшін 600 миллиард рубль бөлмек
көрнекі сурет: pxhere.com
1595

Ресей Айға және Марсқа ұшуға арналған алып зымыран жасау үшін шамамен 600 миллиард рубль қаражат бөлуді жоспарлап отыр. Жоба 2025 жылы іске қосылып, 2035 жылға дейін жалғаспақ, бұл туралы "Коммерсант" басылымы Ресей Федерациясының сауда министрлігінің басшысы Денис Мантуровқа сілтеме жасап жазды.

"Федералды жобаның паспорты өткен жылы Ресей Федерациясының "Ресейдің ғарыштық қызметі" мемлекеттік бағдарламасының Басқарушы кеңесінің шешімімен бекітілген. Алдын ала болжам бойынша, федералды жобаны бюджеттік қаржыландыру көлемі шамамен 600 миллиард рубль", – деді Мантуров.

Денис Мантуров сонымен қатар 2026 жылы "Старт-1М" конверсиялық зымыран тасығышын және 2030 жылы қайта пайдалануға болатын "Амур-СТГ" метан зымыранын ұшыру жоспарда бар екенін айтқан. Жалпы 2024 жылы Ресей 123 ғарыш аппаратын ұшыруды жоспарлап отыр.

Серіктес жаңалықтары