Алматы қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Ол қазіргі тағайындауға дейін Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы болып жұмыс істеді.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды
Алматы әкімдігі
698

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Алматы қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Бейбіт Шаханов тағайындалды, деп хабарлады turkystan.kz.

Бейбіт Шаханов 1979 жылы туған. Абылай хан атындағы Қазақ Мемлекеттік Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін; Қазақ мемлекеттік заң университетін; Қазақ коммерциялық-қаржы академиясын; Ланкастер университетін (Ұлыбритания) бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің монополияға қарсы заңнаманың сақталуын бақылау департаментінің жетекші маманы қызметінен бастаған.

Әр жылдары Қаржы министрлігінің, Білім және ғылым министрлігінің, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінде басшылық қызметтерді атқарды.

2015-2022 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, Инвестициялар және даму министрлігінің, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер ресурстарын басқару істері комитетінде жұмыс істеді. Алматы қаласы құрылыс басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

2023 жылғы мамырдан бастап қазіргі тағайындауға дейін Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы болып жұмыс істеді.

 

Серіктес жаңалықтары