9 жыл бұрын кісі өлтірген күдікті Шымкентте ұсталды

Қазір күдікті қамауда.

9 жыл бұрын кісі өлтірген күдікті Шымкентте ұсталды
Шымкент ПД
1108

Шымкентте 9 жыл бұрын кісі өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Otyrar.kz сайтының мәліметінше, оқиға Түркістан облысында 2015 жылдың наурыз айында болған.

Арыс қаласының тұрғыны жанжал кезінде үш адамды атып, оқиға орнынан бой тасалаған. Жәбірленушілердің бірі алған жарақатынан ауруханада көз жұмған. Сол жылдың сәуір айында ер адамға халықаралық іздеу жарияланды.

Қауіпті қылмыскерді анықтап құрықтаған Еңбекші АПБ-ның учаскелік инспекторы Сәкен Ақбаев. Өз әкімшілік аумағының әрбір тұрғынын білетін полицей үнемі кепка киіп, бет-әлпетін жасыруға тырысып жүретін жігітке назар аударған. Оның жергілікті көлік жөндеу орталығына жақында жұмысқа орналасқанын білген инспектор ер азаматтың жеке басын анықтаған.

Тәртіп сақшысы оқиға туралы дереу жедел-тергеу тобына хабарлап, әріптестерімен бірге қашқынды қолға түсірді. Қазір күдікті қамауда, ол Арыстың құқық қорғаушыларына тапсырылатын болады.

Серіктес жаңалықтары