684
Аустралияда епископты діни рәсім кезінде аяусыз пышақтап кетті
Епископ ер адаммен сөйлесуге тырысқан сияқты, дегенмен ол епископтың беті мен мойнына пышақ ұрған.
Аустралияда белгісіз біреу епископты діни рәсім кезінде аяусыз пышақтап кеткен. Бұл оқиға елдегі сауда орталығында болған шабуылдан кейін бірнеше күн өткен соң болды. Бұл екі шабуылдың байланысы бар-жоғы белгісіз.
Аустралиялық епископ дүйсенбіге қараған түні уағыз айтып жатқанда шабуылға ұшыраған. Желіде жарияланған кадрларда басын бүркеп алған адамның шабуыл жасағаны анық байқалады. Епископ ер адаммен сөйлесуге тырысқан сияқты, дегенмен ол епископтың беті мен мойнына пышақ ұрған.
News.com.au хабарлағандай, ол шұғыл түрде жергілікті ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оның жағдайы белгісіз.
Күдікті қамауға алынды, - деп хабарлады Жаңа Оңтүстік Уэльс полициясының басылымы.