Есіл өзенінің су деңгейі көтерілді

Астанадағы Есіл өзенінде су деңгейі 615 см-ге дейін көтерілді.

Есіл өзенінің су деңгейі көтерілді
1331

Қалалық ТЖД өкілдері елордада су тасқыны жағдайы қалыпты екенін мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz.

"Қазгидромет" РМК деректеріне сәйкес қала аумағында орналасқан Есіл өзенінің гидропосттарында судың орташа деңгейі 615 см болды.

"Су деңгейінің шамалы көтерілуі температуралық фонның жоғарылауымен, су тасқыны кезеңінің басталуымен, Есіл өзенінің арнасындағы мұздың еруіне байланысты. Су тасқынының қауіпті деңгейі өтті", - делінген ТЖД хабарламасында.

Қазіргі уақытта Есіл өзенінің арнасындағы бүйірлік ағындардың (еріген қардан, мұздан) қысқаруы байқалуда, осыған байланысты жақын арада осы су айдынындағы су деңгейі төмендейді деп болжанды.

ТЖД өкілдерінің мәліметінше, Астана қаласы бойынша су тасқыны жағдайы тұрақты, елордада тұрғын үйлер мен басқа да нысандарды су басу қаупі жоқ. 

Серіктес жаңалықтары