Бишімбаевтің ісі бойынша сот отырысы уақытша тоқтатылды

Тараптардың бірі алқа билердің қатысуынсыз өтінішхат жасауды сұрады.

Бишімбаевтің ісі бойынша сот отырысы уақытша тоқтатылды
Жоғарғы соттың баспасөз қызметі
2666

Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты бүгінгі сот отырысында тараптардың бірі алқа билердің қатысуынсыз өтінішхат жасауды сұрады, осыған байланысты трансляция тоқтатылды.

«Алқа билердің құзыретіне кірмейтін құқық мәселелері олардың қатысуынсыз қаралады. Өтінішхатты тараптардың қатысуымен қарау үшін БАҚ-та трансляциялауды және жариялауды тоқтатуды сұраймын», - деді судья Айжан Құлбаева. 

Сот отырысының онлайн трансляциясы Жоғарғы Соттың YouTube-каналында көрсетіледі: https://youtube.com/live/I3SoTkjrtjM?feature=share

Серіктес жаңалықтары