Ақтаулық көпбалалы әке эпилепсиямен ауыратын қызын зорлаған

Қыз эпилепсиямен ауырғанына қарамастан бірнеше зорлық-зомбылық эпизоды болған.

Ақтаулық көпбалалы әке эпилепсиямен ауыратын қызын зорлаған
pixabay
2072

«Не молчи» қорының негізін қалаушы, қоғам белсендісі Дина Таңсәрі әлеуметтік желідегі парақшасында Ақтауда әкесі туған қызын өлтіріп, кейін ұсталғанын мәлім етті.

«Біз бұл істі ата-анасы жария еткісі келмегендіктен жарияламадық. Бірақ жағдай бақылаудан шығып кетті. Зорлаушы ер адам 5 баланың әкесі. Біз мән-жайды егжей-тегжейлі біліп, қыздың куәлігін оқығанда, шашымыз тік тұрды. Қыз эпилепсиямен ауырғанына қарамастан бірнеше зорлық-зомбылық эпизоды болған. Қыздың туыстары мен ата-анасының арқасында сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Қазірдің өзінде бірнеше сот отырыстары өтті. Сот отырысында күдіктінің адвокаты Қалмұхашев Серікбол қыздың анасын ата-ана құқығынан айырамын деп қорқытқан. Адвокат секілді күдіктінің өзі де зорлық-зомбылық туралы ешкімге айтпау үшін қызды бопсалаған», –деді Дина Таңсәрі телеграмдағы мәлімдемесінде.

Күдіктінің сөзінше, бұл іске қыздың туған анасы кінәлі екен.

«Айыптау қорытындысында істің барлық мән-жайы ер адамның зорлық-зомбылық әрекеттеріне ғана негізделген. Ол оны зорлады! Оның ішінде қызды оральды жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген. Растау бар: биоматериалдар жиналды. Зорлаушы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді қоғам белсендісі.

 

 

Серіктес жаңалықтары