1129
Қызылордада 3,5 кг апиынды сатпақ болған бес азамат ұсталды
Қосымша іс-шаралар барысында заңсыз сора өсіру жөніндегі астыртын зертхана табылды.
2024 жылғы наурызда Қызылорда қаласында 3,5 кг апиынды сатуға әрекеттенуі кезінде Қазақстанның 5 азаматы ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz ҰҚК сілтеме жасап.
Бұдан басқа, қосымша іс-шаралар барысында заңсыз сора өсіру жөніндегі астыртын зертхана табылды.
Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қылмыстық кодекстің 300-бабының 2-бөлігі және 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.