Шымкентте алаяқтық жасаған нотариус сотталды

9 жәбірленушіге 47 миллион теңге көлемінде шығын келтірілген.

Шымкентте алаяқтық жасаған нотариус сотталды
azh.kz
665

Шымкентте алаяқтық жасағаны үшін нотариус сотталды, жеп хабарлады turkystan.kz.

Сот алаяқтық фактісі бойынша нотариусты 4 жыл шектеуге, ал оның сыбайластарын 3 жылға және 3 жыл 9 ай мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру түріндегі үкім шығарды.

«Сот талқылауы барысында жеке нотариус A. жәбірленушілердің сеніміне кіріп, олардың осал жағдайын және қызметтік өкілеттігін өз пайдасына қолданып, несие немесе кепіл шартын жасаудың орнына сатып алу-сату шартын куәландырғаны анықталған», - делінген хабарламада.

Кейіннен ол үшінші тұлғаларға меншік құқығын бекітіп, Шымкент қаласының әділет органдарына тіркеу туралы келісімді заңсыз жіберген.

Қылмыстық іс бойынша 9 жәбірленушіге 47 миллион теңге көлемінде шығын келтірілген.

«Шымкент қаласының тұрғындарынан нотариустардың қатысуымен жылжымайтын мүлікке құжаттарды ресімдеу кезінде абай болуды, қажет болған жағдайда заңгерлерден кеңес алуды сұраймыз», - делінген қалалық прокуратураның хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары