544
«Ұлтараздық тудырды»: Танымал блогердің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Алматы қалалық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.
Блогер Дана Орманбаеваның үстінен Алматы қалалық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады turkystan.kz.
«Алматы қаласы тұрғынының әлеуметтік желілерде Д.Орманбаева азаматшаның ұлтаралық араздықты қоздыру белгілері бар қорқытулар мен қорлау сөздерін жариялауы туралы арызы негізінде қалалық полиция Департаменті қылмыстық іс қозғады», - делінген хабарламада.
Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.