Болат Өтемұратов тасқыннан зардап шеккендерге 10 млрд теңге аударды

Қаражат маңызды инфрақұрылымды қалпына келтіруге, баспанасыз қалған адамдарға үй сатып алуға және салуға бағытталады.

Болат Өтемұратов тасқыннан зардап шеккендерге 10 млрд теңге аударды
Фото: Akorda.kz
1252

Болат Өтемұратов қоры Ақтөбе облысының Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына 10 миллиард теңге көлемінде қаржылай көмек беретінін мәлім етті.

Қаражат маңызды инфрақұрылымды қалпына келтіруге, баспанасыз қалған адамдарға үй сатып алуға және салуға бағытталады.

«Су басу аймағындағы өңірлерде болып жатқан төтенше жағдайды қатты күйзеліп, қадағалап отырмын. Апаттың ауқымы өсуде, адамдарға шұғыл көмек қажет. Біз барлық күш-қуатымызды жұмсап, оларды қолда бар ресурстармен қамтамасыз етуді жалғастыра береміз. Президент қиыншылыққа тап болған мыңдаған отандастарымыз үшін қауіпсіздік пен ертеңгі күнге деген сенімділіктің кепілі бола отырып, алдыңғы қатарда тұр және оның шешімдері әрқашан біздің тарапымыздан қолдау табады», - деді Өтемұратов.

 Естеріңізге сала кетейік, 1 сәуірде қазақстандық кәсіпкердің қоры су тасқыны салдарымен күресуге және табиғи апаттан зардап шеккендердің бірінші кезектегі мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге 680 миллион теңге бөлді.

Серіктес жаңалықтары