Алдағы мамыр айында ауа райы ыстық болады

Ресми хабарламада мамыр айында жазғы атмосфералық процестерге көшу жүзеге асырылатыны айтылған.

Алдағы мамыр айында ауа райы ыстық болады
Сурет: el.kz
643

«Қазгидромет» РМК 2024 жылдың мамыр айына арналған ауа райы болжамын бөлісті, деп хабарлады turkystan.kz.

«Оңтүстік аймақтарда айдың бірінші жартысында, ал солтүстік аймақтарда айдың соңына карай тұрақсыз ауа райы сақталып, жаңбыр жауады, бұршақ түсіп, жел соғады деп болжанады. Айдың басым бөлігінде сынап бағанасы жоғарылайды. Тиісінше, мамыр айы ыстық болады», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Мәселен, республикамыздың солтүстік жартысында күндіз температура +25...+35°C дейін, оңтүстік бөлігінде +30...+40°C дейін ысуы мүмкін.

Суық толқындар әсерінен ауа температурасы келесі аймақтарда төмендейді деп болжанады: Солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда, сондай-ақ еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнде ауа температурасы: -5...+5°C, күндіз: +10...+15°C. Еліміздің батысында және оңтүстік бөлігінде ауа температурасы түнде: +5...+15°C дейін, күндіз +16...+26°C.

«Мамыр айында республикамыздың басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы нормадан 1-2° жоғары, батыс аймақтарда норма шамасында болады деп болжанады», делінген синоптиктер таратқан хабарламада.

Серіктес жаңалықтары